Железин ауданында ауылға кіреберіс жолды жөндеу мерзімінен бұрын аяқталады
Аудан әкімі Айтуған Шайхимов өзінің сайлауалды бағдарламасының пункттерін орындауды жалғастыруда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Железин ауданында Алакөл ауылына кірме жол жөнделуде. Аудан әкімдігінің хабарлауынша, жобаның құны – 47 миллион теңге. «АЗА» ЖШС мердігері жөндеуді маусым айының соңына дейін аяқтауды жоспарлаған болатын, дегенмен жұмыстың негізгі көлемін орындап үлгерген.
Жұмысшылар асфальтбетон қоспасын төсеп, жол жиектерін нығайтты. Қазірдің өзінде ауыл тұрғындары жаңа жол төсемін пайдалана алады. Жолдың бұл бөлігіне белгі қою және кюветтердегі ағаштарды жұлу ғана қалады.