Баянауылда құтқарушылар таудан түсе алмаған жастарға көмектесті

Баянауылда құтқарушылар таудан түсе алмаған жастарға көмектесті
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Оқиға орнына дереу бес құтқарушы жіберілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1997 жылы туған жігіт пен 2000 жылғы қыз тауға көтерілген, алайда күн батқаннан кейін өздігінен түсе алмаған. 

– Оқиға орнына дереу бес құтқарушы жіберілді. Демалушылар 700 метр биіктіктен альпинистік жабдықтың көмегімен  төменге түсірілді. Оларға медициналық көмек қажет болмады, – дейді департаментте.

Сонымен қатар дәл сол күні бір жарым сағат бұрын құтқарушылар Ақбет тауына көтеріліп, өздігінен түсе алмаған 50 жастағы ер адамға таудан түсуге көмектесті.

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады.