Баянауылда «Махаббат аралына» жүзіп барғандар құтқарылды

Баянауылда «Махаббат аралына» жүзіп барғандар құтқарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олардың саны – жеті адам, үшеуі – бала, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінде ТЖМ жедел құтқару жасағының құтқарушылары қайық және катамаранмен «Махаббат аралына» жүзіп барғандарды құтқарған.

–   Демалушылар қатты жаңбыр мен дауылды жел салдарынан жағалауға өздігінен қайта орала алмаған, – дейді ТЖМ хабарламасында.

Құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекеттерінің нәтижесінде барлық азамат қауіпсіз жерге жеткізілген. Медициналық көмек қажет болмады.

 ТЖМ су айдындарында демалғанда қауіпсіздік ережелерін сақтап, ауа райы болжамын алдын ала білуді ске салды.