Павлодарда зейнеткерді көлік қағып кетті

Павлодарда зейнеткерді көлік қағып кетті
Фото: Константин Шелков

Зардап шеккен жаяу жүргіншінің  оң жақ бұғанасы сынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz 

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 18 шілдеде сағат 11:00 Павлодар қаласында Аймауытов-Қамзин көшелер бойымен келе жатқан «Toyota Corolla»  маркалы автокөлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шеккен зейнеткер бағдаршамның жасыл сигналына жолды өтіп бара жатқан.

– ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізіледі, сараптама тағайындалды, – деді департаментте. 

Павлодар облысының жедел жәрдем станциясының мәліметінше, оқиға орнына жедел жәрдем көлігі екі минутта жетті. Орташа жағдайындағы 72 жастағы ер адамды №1 қалалық ауруханаға жеткізді.

Қалалық ауруханада ер адамның көптеген жарақат алғаны туралы мәлемдеді.

– Оң жақ бұғана сүйегінің жабық сынуы, кеуде қуысының жабық жарақаттарын алған, – дейді ауруханада. 

Қазір науқас тұрақты жағдайда политравма бөлімінде ем алып жатыр.