Павлодар облысында тұмаудың жаппай таралатын кезеңі белгілі болды
Күзгі-қысқы кезеңде өңірде үш штаммның циркуляциясы жүреді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Зәмзәгүл Досжанова мәлім етті.
– Биыл тұмаудың эпидемиологиялық маусымы бұрынғыдан ерекше, өйткені барлық ковидтік шектеулер алынып тасталды, Сондықтан маусымдық респираторлық вирустар белсенді айналымын қалпына келтіріледі, – деді Зәмзәгүл Досжанова.
Оның сөзінше, қатарынан үш жылдай облыста үш штаммның – H1N1, H3N3 және «B» тұмауының таралуы байқалуда.
– Тұмау емес, этиологияның қоздырғыштары тудыратын ЖРВИ ауруы қазан айының ортасынан басталады. Ал қараша-желтоқсан айларының ортасынан бастап тұмау вирусының айналымы қосылады, ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың шыңы қаңтар, ақпан айларына келетін болады, – деді спикер.
Тұмау белгілеріне температураның жоғарылауы, әлсіздік, жөтел, мұрынның бітелуі жатады. Ауру асқынған жағдайда ринит, синусит сияқты аурулар пайда болып, жүрек-қан айналымының бұзылуына, тыныс алу жүйесіне әсер етуі мүмкін.
– Биыл тұмауға қарсы вакциналауға Ресей өндірушісінен «Гриппол плюс» вакцинасының тоқсан мың дозасы сатып алынды. Оларды тұмауға қарсы қауіп тобына, яғни медициналық қызметкерлерге, жүкті әйелдерге, балалар кіреді. Бүгінде жиырма мыңнан астам вакцина алды, – деп атам өтті Зәмзәгүл Досжанова.
Эпидемиялық маусым басталғаннан бері 102 адам ЖРВЖ диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 17 пневмония оқиғасы тіркелді.
Сондай-ақ, ЖРВЖ және тұмаумен сырқаттану кезінде бір сыныпта ЖРВЖ ауруын тіркеу кезінде бір инкубациялық кезең ішінде жалпы білім беру ұйымдарында эпидемиялық процеске сырқаттанғандардың жалпы саны 30% және одан көп науқастар анықалған жағдайда оқытудың кабинеттік жүйесін жою ұсынылып, инкубациялық кезеңде оқушыларды онлайн оқытуға ауыстырады.