Биыл Павлодар облысында қыздарға қарағанда ұлдар көбірек дүниеге келген
2023 жылғы 1 сәуірде облыстағы халық саны 755182 адамды құрады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық статистика департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оның ішінде қалалықтар – 533310 адам, ауылдықтар – 221872 адам.
– Аталған кезеңде аймақта 2457 сәби дүниеге келді, оның ішінде 1300-і – ұлдар, 1157-і – қыздар. Туу коэффициенті 1000 адамға 13,19 құрады. Аталған кезеңде қайтыс болғандар саны 1760 адамды құрады, бұл ретте 1000 адамға шаққандағы өлім-жітім коэффициенті – 9,45. Халықтың табиғи өсімі 697 адамды құрады, – деп жазылған хабарламада.
3 ай ішінде 1 жасқа дейін шетінеген 19 нәресте тіркелді. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 7,73 жағдайды құрады.
Аталған кезенде 848 неке тіркелді, 2022 жылдың үш айымен салыстырғанда неке саны 17,8%-ға төмендеді. Неке коэффициенті 1000 адамға 4,55 құрады. Сондай-ақ соттың некені бұзу туралы шешімдерін есепке алмағандағы АХАТ органдарының деректері бойынша осы кезеңде 221 ажырасу тіркелді. Бұл да 2022 жылғы деңгейден 11,2%- ға аз. Ажырасу коэффициенті 1000 адамға 1,19 құрады.