Павлодарға көбінесе Астана мен Абай облысынан көшіп келеді

Павлодарға көбінесе Астана мен Абай облысынан көшіп келеді
Фото: Константин Шелков

2023 жылғы қаңтар-наурыз аралығында облысқа Қазақстанның басқа өңірлерінен 1077 адам бізге көшіп келді, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Облыстық статистика департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, олардың 31,4% – Астана қаласынан, 11% – Абай облысынан.

– Елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2022 жылдың сәйкес  кезеңімен салыстырғанда 9,1% көбейіп, 1497 адам құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 27,1% азайып, 1961 адамды құрады. Көші-қонның айырымы  464 адам болды. Облысқа сыртқы көші-қон бойынша 420 адам көшіп келді, соның ішінде ТМД елдерінен – 355 адам (65,9% - Ресейден, 25,4% Түрікменстаннан келген), ал әлемнің басқа елдерінен 65 адам көшіп келді (83,1% Монголиядан), – деп жазылған хабарламада. 

Облыстан республика шегіне 243 адам, соның ішінде ТМД елдеріне 140 адам (99,3% Ресейге кетті), әлемнің басқа елдеріне 103 адам қоныс аударды (91,3% Германияға). 

Қазақстанның басқа өңірлеріне 1718 адам көшіп кетті, олардың 50,7% – Астана қаласына, 10,8% – Алматы қаласына.