Боранда құтқарушылар жүкті әйелдерді Екібастұзға жеткізді
Қатты желдің салдарынан жедел жәрдем көлігі көмекке бара алмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
- Павлодар облысында қатты боран мен екпінді желге байланысты жедел жәрдем көлігінің шығуы мүмкін болмады. Екі жүкті әйелді шұғыл жеткізу үшін құтқарушылар жол талғамайтын техниканы пайдаланды, - делінген хабарламада.
Медициналық қызметкерлердің сүйемелдеуімен 1994 және 2000 жылы туған әйелдер Майқайың кентінің ауруханасынан Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.
Маңызды қадам құтқарушылар мен дәрігерлердің үйлесімді әрекетінің арқасында сәтті іске асты.