Бозшакөл кен орнында тау-кен жұмыстары жоспарланып отыр

Бозшакөл кен орнында тау-кен жұмыстары жоспарланып отыр
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ескертулер мен ұсыныстар 18 қарашаға дейін қабылданады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«KAZ Minerals Bozshakol» (КАЗ Минералз Бозшаколь)» ЖШС Бозшакөл тас құрылыс-тас кен орнында тау-кен жұмыстарын жоспарлап отыр.

 Белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішпен 2023 жылғы 19 қазандағы Бірыңғай экологиялық порталда  «Қоғамдық талқылаулар» айдарында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының сайтында «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында танысуға болады. 

Ескертулер мен ұсыныстарды Павлодар облысы бойынша экология департаменті pvlecspert@mail.ru электронды мекенжайына немесе Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22 (Павлодар облысы бойынша экология департаменті) мекенжайы бойынша қабылдайды. Байланыс телефоны: +7(7182) 532354.