Павлодарға шетелден келген студенттердің көбі – Моңғолиядан
Олардың жартысынан көбі мемлекенттік грантпен оқиды, деп хабарлайды @Pavlodarnewz.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту» туралы бұйрығына сәйкес Торайғыров университетінің «Foundation» факультетіне барлығы 137 тыңдаушы қабылданған. Олардың ішінде: Моңғолия елінен – 123, Қытайдан – 10, Өзбекстаннан – үш, Ауғанстан елінен – бір адам.
– Мемлекеттік грант бойынша оқитын 74 тыңдаушыға ай сайын 35613 теңге көлемінде шәкіртақы тағайындалды. Ал 63 тыңдаушы келісімшарт негізінде оқуға шарт жасалып, тегін жатақханамен қамтамасыз етілді және тұруға орын берілген, – дейді «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Павлодар облыстық филиалының төрағасы Болат Заут.
Спикердің айтуынша, оқу бағдарламасы бекітіліп, күнделікті кесте бойынша сабақ оқыту процесі жүріліп жатыр. Құжаттарын тексеру барысында студенттердің оқуға түсуге тапсырған құжаттары ереже талаптарға сәйкес мемлекеттік стандарт бойынша қабылданған.м