Бүгін Павлодар облысында ауа температурасы плюс көрсетеді
Облыста күндіз +2°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, аймақта түнде ауа температурасы -5…-10°C. Батыс, солтүстік және оңтүстік бөліктерінде қар аралас жаңбыр жауып, аздаған боран күтіледі. Батыс, солтүстік және шығыс аймақтарында тұман болады. Күндіз ауа температурасы -3…+2°C дейін көтеріледі.
Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр дейін жетеді, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жел екпіні 15–20 м/с болады.
Павлодар қаласында түнде -6…-8°C. Күндіз -1…+1°C болады деп болжануда.