Еңбек кітапшасының нысаны өзгереді: Қазақстандықтар нені білуі керек?
Өзгеріс 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Тиісті түзетулер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығымен бекітілген.
Өзгерістердің бірі әкесінің атына қатысты жолға енгізілді. Енді ол «Әкесінің аты (ол болған жағдайда)» деген жаңа редакцияда көрсетіледі.
Сондай-ақ қызметкердің еңбек қызметі туралы бөлімнің тұжырымы жаңартылды. Еңбек кітапшасында жұмысқа қабылдау, басқа лауазымға ауыстыру және еңбек шартын тоқтату туралы мәліметтер себептері мен заңнамаға сілтемелері көрсетіле отырып, толығырақ жазылатын болады.
Бұдан бөлек, жекелеген құжаттарда ұлттық валютаның атауы - «теңге» деп нақтыланды.
Кадр қызметінің мамандарына және жұмыс берушілерге құжаттардың үлгілерін алдын ала жаңартып, кадрлық іс жүргізу барысында жаңа тұжырымдарды ескеру ұсынылады.