«ЕЭК» АҚ 2024 жылғы реттелетін қызмет бойынша қорытындыларды жариялады

«ЕЭК» АҚ 2024 жылғы реттелетін қызмет бойынша қорытындыларды жариялады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Есептерде көрсетілетін қызмет сапасы көрсетілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» акционерлік қоғамы (ERG құрамына кіреді) 2024 жыл бойынша реттелетін қызмет нәтижелерін қорытындылағанын хабарлайды.

Реттелетін қызметтердің тұтынушылары мен барлық мүдделі тараптар алдында есеп беру аясында тиісті есептер жарияланды. Құжаттарда бекітілген тарифтік сметалардың және инвестициялық бағдарламаның орындалуы, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу, сондай-ақ, қызмет тиімділігі жөнінде мәліметтер қамтылған. Сонымен қатар, көрсетілген қызметтердің көлемі мен компанияның даму перспективалары бойынша деректер ұсынылды.

«ЕЭК» АҚ 1996 жылы негізі қаланған, Қазақстандағы ірі электр энергиясын жеткізушілерінің бірі болып табылады. ЕЭК екi құрылымдық бөлімшені біріктіреді: ашық әдіспен көмір өндіретін бірегей кәсіпорын «Шығыс» көмір кеніші, Ақсу электр станциясы. «ЕЭК» АҚ жылу энергиясын өндіру және сумен жабдықтау салаларында табиғи монополия субъектісі болып табылады.

Файлдар