Екібастұз орталығында жүрген сиырдың иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады
Аталмыш оқиға күндіз орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз қаласының орталығында, Мәшһүр Жүсіп-Абай көшесінің бойында қараусыз қалған мал белсенді көлік қозғалысы кезінде жолға шығып кетті.
– Осы факті бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін мал иесі анықталғаннан кейін, ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады, – деді Екібастұз қалалық полиция басқармасында.
Жол бойындағы және тас жол бойындағы малдарды анықтау бойынша күн сайын рейд жүргізілуде. Тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Полицейлер қаңғыбас малдар жол апатының ықтималдығымен ғана емес, мал ұрлығымен де қауіп төндіретінін еске салады.