Екібастұз ЖЭО-дағы соңғы екі қазандық қыркүйекте іске қосылады

Екібастұз ЖЭО-дағы соңғы екі қазандық қыркүйекте іске қосылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу жұмыстары белгіленген кестемен толық жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Екібастұз жылу-электр орталығындағы жөндеу жұмыстары жоспарға сай жалғасып жатыр. Жұмыс барысын облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин тексерді.

Жұмыс сапары барысында «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамына қарасты Екібастұз жылу-электр орталығында маусымаралық кезеңге жоспарланған іс-шаралардың орындалу барысы қаралды.

Барлық жұмыстар бекітілген өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Жылыту маусымы басталғанға дейін станцияның барлық негізгі жабдықтары толық дайын болады. Соңғы екі қазандықты жөндеуден шығару қыркүйек айының бірінші онкүндігіне жоспарланған, – деді Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин.

Қазіргі таңда жоспарланған 10 қазандықтың жетеуі толық жөндеуден өткен. Жетінші қазандықтағы жұмыстар бүгін аяқталады. Ал қалған екі қазандықты жөндеуден шығару қыркүйек айының бірінші онкүндігіне жоспарланған. Тоғызыншы қазандық толық дайын болғанымен, шатырдағы құрылыс жұмыстары аяқталғанша пайдалануға берілмейді. Бесінші соққылы қазандық штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Станцияда шатырды күрделі жөндеу толық аяқталды. Терезелерді жабу жұмыстары басталып, барлық қажетті материалдар жеткізілген. Түтін мұржасында демонтаж толық аяқталып, 175 метрлік белгі жабылған. Қазір керамзит-бетон қабатын құюға дайындық жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарды бір ай ішінде аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар, жаңа модульдік ғимараттың іргетасын құю жұмыстары басталды. Мердігер ұйым анықталған, құрылыс алаңы техникамен және қажетті материалдармен толық қамтамасыз етілген. Келісімшарттық міндеттемелердің орындалмау қаупі жоқ.

ЖЭО-да экологиялық талаптар сақталған. Тұзды сумен жұмыс істеу режимі реттеліп, жабдықтардың техникалық жағдайынан ақау анықталмаған. Алдағы жылыту маусымына шамамен 1000 тонна мазут қоры бар, қосымша 1900 тоннаға өтінім берілген.

Жылыту маусымына дайындық мәселесі облыс басшылығының күнделікті бақылауында.