Павлодарда бірқатар үйде бір күнге су өшіріледі
6 тамыз күні Павлодар қаласында су құбырын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының 109 бірыңғай байланыс орталығының мәлімдеуінше, жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар тұрғын үй уақытша сумен жабдықтаудан ажыратылады.
Жөндеу жұмыстары Катаев көшесі, 46/1 мекенжайында жоспарланған. Сол себепті 6 тамыз күні сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін мына мекенжайларда су болмайды:
- Катаев көшесі, 44;
- Катаев көшесі, 44/1;
- Катаев көшесі, 44/2;
- Катаев көшесі, 44/5;
- Катаев көшесі, 46/1;
- Катаев көшесі, 48.
Жауапты мекеме тұрғындардан уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрап, аталған жұмыстардың сумен жабдықтау жүйесінің сапасы мен сенімділігін арттыру мақсатында жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Мамандар тұрғындарға алдын ала қажетті мөлшерде су қорын жинап алуды ұсынады.