Екібастұз ЖЭО-да құбырдағы ақау жөнделді
Жөндеу жұмыстарына 70 адам жұмылдырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС мәліметінше, сағат 16:30-да ЖЭО-дағы желілік су құбырының зақымдануы жойылды, құбырды толтыру басталды.
- Су құйылғаннан кейін қазандықтар іске қосылады. Бұл жұмыстарды орындаудың жоспарланған уақыты 20:00-ге дейін. Осылайша, станция алты қазандықтың (үш су жылытқыш және үш энергетикалық) жұмысын қамтамасыз етеді», - деп хабарлады кәсіпорында.
Шамамен сағат 00:00-де станция жылу берудің - 60/40 °С параметрлеріне жетуді жоспарлап отыр.
Еске салайық, бүгін, 18 ақпан күні сағат 04:55-те ЖЭО-дағы желілік су ысырмасы аймағында тығын сынған. Құбырдың зақымданған жерін анықтау үшін №12, 13, 15 қазандық агрегаттары мен желілік сорғылар кезекпен тоқтатылды. Станция қызметкерлері дереу зақымданған жерді кесіп, жөндеу жұмыстарын бастады.
Станцияның жұмысы тоқтатылмаған. №5, 6, 9 үш энергетикалық қазандық пен электр сорғылары жұмыс істеп тұрған. Желідегі су айналымы төмендетілген параметрлерде қамтамасыз етілді.
Фото: Константин Шелков