Павлодар облысы құрылыс қарқыны бойынша көш бастады

Павлодар облысы құрылыс қарқыны бойынша көш бастады
Фото: Константин Шелков

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қолжетімді баспана – арман емес, біздің азаматтарымыздың алдындағы міндетіміз» деп атап өткен болатын.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы Қазақстанда 18,96 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері тұрғын үй құрылысындағы рекордтық көрсеткіш.

2024 жылдың қорытындысы бойынша 172 089 баспана пайдалануға берілді. Оның 39 064-і жеке үй. Өңірлер арасында Шымкент қаласы, Павлодар, Түркістан және Қызылорда облыстары құрылыс қарқыны бойынша көш бастап тұр.

2025 жылы елімізде 19 млн шаршы метр немесе 175 мың тұрғын үй, 2029 жылға қарай 111 млн шаршы метр салу жоспарлануда.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Президенттің әрбір қазақстандықтың қолайлы жағдайда өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмаларын белсенді түрде жүзеге асыруда.