Шарбақты ауданында жаңа жұмыс орындарын ашатын қандай ірі жобалар іске асады?

Шарбақты ауданында жаңа жұмыс орындарын ашатын қандай ірі жобалар іске асады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл жұмыссыздық деңгейін төмендетуге септігін тигізеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыс әкімі Асайын Байханов Шарбақты ауданының тұрғындарымен тұрақты кездесуді жылдық есептен бастады. 

– Биыл ауданымызға бірнеше рет келдім. Маңызды нысандарды аралап, тисті тапсырмаларды берген едім. Аймақ барлық макрокөрсеткіштер бойынша оң серпінге ие. Алайда, келесі жылы бұл жұмысты, әсіресе өңдеу өнеркәсібі мен сумен жабдықтау бағытында күшейту керек! – деді аймақ басшысы. 

Оның сөзінше, аймақ дамуының негізгі жұмыс көзі – ауыл шаруашылығы. Бұл саланың жалпы өнімі 28 миллиард теңгеден асты. Әсіресе өсімдік шаруашылығындағы нәтиже қуантады - 7,8% пайызга өсіп, көлемі 16 миллиард теңгені құрады.

– Келесі жылы ауданда бірнеше ірі инвестициялық жобалар ашу жоспарлануда. Солардың бірі – Шарбақты ауылында 500 гектарға суармалы учаске салу бойынша «BelAgro Group» ЖШС жобасы. Назаровка ауылында бірден 3 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда: 600 гектарға суармалы учаске, 6000 тоннаға арналған көкөніс қоймасы, 600 басқа арналған тауарлы сүт фермасын салу, – деп атап өтті Асайын Байханов. 

Жаңа жұмыс орындарын ашу және шағын кәсіпорындарды ашу арқылы жұмыссыздық деңгейі 4,1% деңгейінде қалып отыр. Бұл аймақтағы ең жақсы көрсеткіштердің бірі.