Екібастұзда қызды зорлады деген ақпарат расталмады
Медициналық сараптама жасөспірімнің денесінде жарақаттар мен басқа зақымданулар жоқ екенін көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті Екібастұзда қыз баланы зорлағаны туралы ақпараттың растамағанын хабарлады.
– Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған балаларды және анасын медициналық мекемеге жеткізді. Дәрігерлер балаларды қарап шықты, факт расталмады, – деді департаментте.
Полиция қызметкерлерімен бірге Екібастұз қаласының білім беру бөлімі де бей-жай қарамай, көршілер дабыл қаққан мекенжайға барды.
– Тексеру нәтижелері бойынша бұл отбасыда тәрбиеленіп жатқан балаларға қатысты балаларға қатыгездік немесе өзге де құқыққа қайшы әрекеттер фактілері анықталмағанын хабарлаймыз. Медициналық қорытындыда балалардың дені сау, дене және өзге де зақымдары жоқ екендігі анықталды, – дейді қалалық білім беру бөлімінде.
Өтініш беру фактісі бойынша отбасы профилактикалық есепке алынды, білім бөлімінің және полицияның бақылауында болады.
Отбасы тоғыз жасар қыз бен алты, үш және бір жастағы баланы тәрбиелеп отыр.
Еске сала кетейік, Екібастұзда жасөспірім қызды әкесі зорлады деген күдікпен көршілері «НеМолчиKZ» қорына жүгінген болатын. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жіберілген еді.
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті