Екібастұзда қоғамдық орындарды ластаған төрт адам жауапқа тартылды

Екібастұзда қоғамдық орындарды ластаған төрт адам жауапқа тартылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Таза Қазақстан» акциясы аясында қоғамдық орындардың тазалығын бақылауға бағытталған рейдтік іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұз қаласы полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Медет Бейсеновтың айтуынша, төрт азамат темекі тұқылдарын арнайы орындарға тастамай, қоғамдық орындарды ластауға жол берген.

– Мұндай құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Заңнамаға сәйкес құқық бұзушыларға 20 айлық есептік көрсеткіш (86 500 теңге) көлемінде айыппұл салынуы немесе қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін, – деді Медет Бейсенов.

Тәртіп сақшылары мұндай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.