Екібастұзда бірнеше құмсалғыш санитарлық талаптарға сай келмеді

Бұзушылықтар бақылау барысында анықталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары жылы мезгілде балалар алаңқайындағы құм мен топырақты тексереді. Мониторинг балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, топырақтың жағдайын бақылау және топырақтың ластануын жою мақсатында жүргізіледі.
Тексеру нәтижесінде Екібастұз қаласының кейбір шағын аудандарында алты микробиологиялық көрсеткіштер және алты паразитологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмейтін үлгілер анықталды.
Мүдделі мемлекеттік органдарға профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру туралы ақпараттық хаттар жолданды. Балалар ойын алаңындағы құм ауыстырылған.