Екібастұзда барлық ағаштардың жасы есептелді

Екібастұзда барлық ағаштардың жасы есептелді
Фото:pixabay.com

Кеншілер шаһарында жасыл желектердің интерактивті картасы құрастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Екібастұз қаласын көгалдандыру бойынша кешенді жобаға жасыл екпелердің интерактивті картасы енді. Жасыл желектерге түгендеу жүргізіліп, 70 мыңға жуық ағаштар есептелді. Аталмыш картаға жергілікті билік өкілдері көгалдандыру тұжырымдамасының орындалуын бақылауға көмектеседі. Екпелерді отырғызу мен оларды күтіп-ұстауды бақылап, ағаштардың өмір сүру ұзақтығы, топырақтың құнарлығын жақсарту бойынша ұсыныстар. 

– Жасыл желектердің интерактивті картасы – қаладағы ағаштарды есепке алу, санитарлық-қорғау іс-шараларын тиімді және жедел бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, отырғызылған екпелердің саны мен сапасын көрсетіледі. Картада кез-келген учаскедегі екпелердің тұқымдары, жасы, жағдайы бойынша анықтамалар жазылады,– деді Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин. 

Оның сөзінше, аталмыш жүйеге қызмет көрсету және деректерді жаңарту үшін бюджеттен шығындар қажет емес. Қаладағы ағаштардың едәуір бөлігі бес жастан қырық жасқа дейін өсіп жатыр. Алайда 1 779 ағаш аз уақыт ішінде ауырып, құрғап, өле бастайды. Биыл 22 гектар аумағында жасыл желектерді отырғызу жоспарлануда. 

– Көгалдандыру үшін біз топырақты дайындау бойынша жағдайды қарастырдық. Қаржыландыру мөлшерін анықтауда сметалық есептеулер жүргізілуде. 2024 жылы жергілікті бюджеттен көгалдандыруға 291 миллион теңге бөлінді, оның ішінде күтімге – 50 миллион, саябақтар мен скверлерді абаттандыруға – 74 миллион, сәндік көгалдандыруға – 167 миллион теңге, – деп толықтырды Аян Бейсекин.

Президенттің тапсырмасына сәйкес сәуірде «Шахтер» саябағының қайта құруы басталды. Бұл екі жылдық жоба болып табылады. Қала әкімінің сөзінше, саябақтағы бар ағаштар кесілмей, қалдырылады. Оған қоса тағы жеті мың біржылдық және көпжылдық өсімдік пен гүлдер отырғызылады. 

– Бұл жұмыста автоматтандырылған суару жүйесіне назар аудару керек. Әуелі осыдан бастау керек,– деді облыс әкімі Асайын Байханов. 

Аймақ басшысы Екібастұз қаласының әкіміне ірі кәсіпорын басшыларымен кездесіп, бұл мәселені талқылауға тапсырды.