Баянауыл ауданының полицейлері көше-жол желісіне тексеру жүргізді

Баянауыл ауданының полицейлері көше-жол желісіне тексеру жүргізді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Анықталған кемшіліктерді жою үшін сегіз нұсқама берілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Назар аударыңыз, балалар» акциясы: мектептердің маңындағы жолдар полицейлер тарапынан тексерілді.

– Тексеру барысында жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарына: жол белгілеріне, бағдаршамдарға, жол сызықтарына және т.б. ерекше назар аударылды. Тексеру нәтижелері бойынша полиция тарапынан анықталған кемшіліктерді жою үшін сегіз нұсқама берілді. Көптеген мектептерде жол сызықтарын жаңарту, жасанды жол кедергілерін ауыстыру қажет, – деді Баянауыл ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Рүстем Жетпісбай.

Бұл шаралар балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жүргізушілердің назарын жол сызықтары мен белгілеріне аударуға, сондай-ақ жасанды кедергілер арқылы жаяу жүргіншілер өткелдерінің алдында жылдамдықты мәжбүрлі түрде төмендетуге мүмкіндік береді.