Екібастұзда көлігінің салонында ет тасымалдаған жүргізуші жауапқа тартылды
Тәртіп сақшылары «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында автокөліктерді тексеруде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, рейдтік тексеру барысында Volkswagen Passat маркалы автокөлігі тоқтатылған. Тексеру кезінде жүргізушінің ет өнімдерін тасымалдау ережелерін бұзғаны анықталды. Ол етті арнайы жүк бөлмесінде емес, автокөліктің салонында тасымалдаған.
Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Полиция қызметкерлері мал мен ет өнімдерінің заңсыз айналымының алдын алу мақсатында көлік құралдарын тексеру жұмыстарын жалғастыруда.