Павлодарда көшеде тұрған Lexus жанып кетті
Өрт 32 минут ішінде сөндірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, таңғы сағат 10:45-те Н.Назарбаев даңғылында тұрған автокөліктің жанғаны туралы хабарлама түсті.
– Өрт сөндірушілер Lexus маркалы автокөлікте жоғары вольтты аккумулятордың ұшқыны бар екенін анықтады. Батарея жедел түрде бөлшектеніп, автокөліктің жануына жол берілмеді, – деді департаментте.
Өрт сағат 11:17-де толықтай жойылды.
Облыстық ТЖД азаматтарға автокөлік құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынады.