Екібастұзда көшеде ер адамға пышақ сұғылды
Ол бірден көз жұмды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде 28 қазанда Екібастұзда әйел ер адамды жүрек тұсынан пышқ сұғып, өлтірді деген хабарлама жарияланды. Бұл жағдайдың орын алғанын облыстық жедел жәрдем станциясы растады.
– Шақырту сағат 20:47-де түсті. Фельдшерлер бес минутта жетті. Жаяу жүргінші кеуде аймағында пышақ жарақатымен жатқан 1992 жылы туған ер адамды тапты. Басқа жағдайлар белгісіз. Ер адам сол жерде қайтыс болды, – деді станцияда.
Полицейлер адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті анықталып, ұсталып, Екібастұз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері қатаң заңнама талаптарына сәйкес жүргізілуде.