Екібастұзда мың оқушы заңды ойын арқылы меңгерді

Екібастұзда мың оқушы заңды ойын арқылы меңгерді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауқымды іс-шара жасөспірімдерге жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Іс-шара қала мектептерінің бірінде ұйымдастырылып, оған 7–11-сыныптардан мыңға жуық оқушы қатысты. Педагогтермен қатар, ювеналдық полиция қызметкерлері мен қоғамдық қауіпсіздік саласының мамандары оқушылармен ашық диалог жүргізді.

Ұйымдастырушылар дәстүрлі дәрістерден бас тартып, интерактивті форматты таңдады. Оқушылар «Көңілді старттар» жарысына, «Үлгілі отбасы» отбасылық эстафетасына, дебат турниріне қатысып, «Құқық біздің айналамызда» атты плакаттар байқауында өздерінің азаматтық ұстанымдарын қорғады. Сонымен қатар «Жас заң қорғаушылар» жобасының қатысушылары сот процесін сахналады.

Буллинг, лудомания және «дропперлік» сияқты өзекті мәселелерге арналған қойылымдар қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

– Үлкендер кішілерге тірек болуы тиіс, қауіп көзіне айналмауы керек. Ата-аналар мен мұғалімдерді құрметтеңіздер, ал қиын жағдайға тап болсаңыздар, ересектерден немесе полициядан көмек сұраудан қорықпаңыздар, – деді қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Медет Бейсенов.

Іс-шара соңында оқушыларға табысты оқу, саналы әрекет және қауіпсіз күндер тілінді. Мамандар мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамдық тәртіпке деген жауапкершілігін күшейтетінін атап өтті.