25 сәуірде Павлодар облысында жауын-шашын болмайды

25 сәуірде Павлодар облысында жауын-шашын болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Күндіз ауа температурасы...+28°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы 6…+11°C шамасында болады. Ауа райы көбіне ашық, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз сынап бағанасы +23...+28°C дейін көтеріледі. Аспан ашық, кей жерлерде аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз болады. 

Жел оңтүстік бағыттан соғады, жылдамдығы 9–14 м/с, кей жерлерде екпіні 15–20 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Павлодар қаласында түнде +6…+9°C, күндіз +23…+26°C. Синоптиктер ауа райы көбіне ашық, жауын-шашынсыз болады деп болжайды.