Павлодарда блогер жол үстінде жарнама түсіргені үшін жазаланды

Павлодарда блогер жол үстінде жарнама түсіргені үшін жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Полицейлер құқық бұзушылықты әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде анықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Оқиға 19 шілде күні Қайырбаев көшесінде орын алды. Бойжеткен түсірілген видеоны кейін Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына жариялаған.

– Құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының өзге де қатысушыларының Жол қозғалысы қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство жаяу жүргіншілер өткелі жарнамалық түсірілім жүргізетін орын емес екенін еске салды. Полицейлердің айтуынша, жолдың жүру бөлігінде бейнеролик түсіру түсірілімге қатысушылардың да, өзге жол қозғалысына қатысушылардың да өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.