Павлодарлық бастауыш сынып мұғалімдері Астанада бақ сынайды
Сегіз педагогтен тұратын өңіріміздің командасы олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі» ЖШС және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өңірімізде дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейі базасында «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының өңірлік кезеңін өткізді.
Олимпиаданың мақсаты педагогтердің шығармашылық әлеуеті мен педагогикалық шеберлігін дамыту, педагогикалық кәсіптің мәртебесін арттыру болып табылады.
– Аталған олимпиадаға облыстың 157 бастауыш сынып мұғалімі қатысты. 2025 жылғы ақпанда ең үздік нәтиже көрсеткен сегіз педагогтен тұратын Павлодар облысының командасы олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысады, – деді басқарма.
І дәрежелі дипломмен 14 педагог, ІІ дәрежелі дипломмен 20 педагог, ІІІ дәрежелі дипломмен 30 педагог марапатталды. 14 бастауыш сынып педагогі «Алтын тұғыр - 2025» республикалық олимпиадасының өңірлік кезеңінде грамотамен марапатталды.