Екібастұзда рұқсатсыз жұмыс істеген 10-нан астам шетелдік анықталды

Екібастұзда рұқсатсыз жұмыс істеген 10-нан астам шетелдік анықталды
Фото: Константин Шелков

Олар құрылыс нысандарының бірінде жұмыс істеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тексеру жүргізді. Тексеріс М. Жүсіп және М. Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан құрылыс нысанында өтті.

Іс-шара барысында анықталған 13 шетел азаматы мән-жайды анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көші-қон қызметі бөліміне жеткізілді.

Оларға қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік материалдар толтырылды.

Еске сала кетейік, тоғыз айдың қорытындысы бойынша көші-қон заңнамасын түрлі бағытта бұзғаны үшін 6279 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде 1504-і – шетел азаматы. Сот шешімімен 99 шетелдік азамат әкімшілік тәртіппен ел аумағынан шығарылды.