Екібастұзда шөп үйіндісін дұрыс тасымалдамаған жүргізуші айыппұл төледі

Оның сақтандыру шарты болмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
26 тамыздан бастап «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. 200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды және олардың жолын кесті, 140-тан астам есептік тұлғалар тексерумен қамтылды.
Бұл ретте олардың тарапынан белгіленген шектеулердің 20 бұзушылығы анықталды. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, негізінен қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішуге, тыныштықты бұзуға және ұсақ бұзақылыққа, жол қозғалысы ережелерін бұзуға ерекше назар аударылады.
– Мысалы, рейдтік іс-шараларды өткізу барысында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері «КамАЗ» маркалы көлік құралын жүргізген 56 жастағы жүргізушінің жүк тасымалдау талаптарын сақтамау фактісін анықтады. Тексеру барысында жүргізушінің міндетті сақтандыру бойынша шарты болмағаны анықталды, – деді Екібастұз қаласының полиция басқармасында.
Екі бұзушылық бойынша хаттама толтырылды, екі бұзушылық бойынша әкімшілік жаза 15 АЕК-ті құрады.
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы 28 тамызға дейін жалғасады.