Екібастұзда жоғалған адамды іздеу шаралары жалғасуда

Екібастұзда жоғалған адамды іздеу шаралары жалғасуда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шахриддин Баймурадов 18 сәуірде үйінен шығып кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

«VITA» еріктілері жақын маңдағы көшелерді аралап, жергілікті тұрғындар мен кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардан сұрастырған. 

Ер адамның бас сүйегіне ота жасалған, жарақаттан кейін құрысулар пайда болды. Жоғалған күні де құрысу пайда болып, туыстары жедел жәрдем шақырған. Бұдан кейін Шахриддин үйінен шығып, белгісіз бағытта кеткен,  – деді еріктілер.

Іздеу шаралары әзірге нәтиже бермеген.

– Біз де оның жақындары сияқты Шахриддин аман-есен табылады деп үміттенеміз. Барлық адамдардан көмек сұраймыз, – дейді іздеушілер. 

Жоғалған адам туралы кез келген ақпарат болса, +7 (747) 615 55 63  (іздеу тобының жетекшісі Катерина), +7 (778) 295 97 55 (Екібастұз қаласындағы іздестіру тобының үйлестірушісі Самал) нөмірлеріне хабарлауға болады.