Павлодарлық оқушылар зияткерлік викторинада білімдерін тексерді

Павлодарлық оқушылар зияткерлік викторинада білімдерін тексерді
Фото: Константин Шелков

Викторинаға 407 оқушысы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және  балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  күзгі демалыста жалпы орта білім беру мектеп оқушыларының бос уақытын қамту бойынша оқушылар арасында  «Все обо всем»  атты интеллектуалды викторина  өткізілді. 

№2, 21, 33, 36, 41, 46, Малайсары батыр, Қ. Мақпалеев, Б. Момышұлы,   С. Торайғыров атындағы қаланың 37 жалпы білім беретін мектептерінің 1-11- сыныптың 407 оқушысы «Қазақстан», «Жалаулар», «Фильмдер», «Актерлер», «Мультфильмдер», «Спортшылар», «Жануарлар» тақырыбына зияткерлік викторинада жарысты.

– Қатысушылар Қазақстан Республикасының рәміздері, түрлі елдердің жалаулары туралы оңай айтып берді. Сондай-ақ, кино мен театр әлеміне үлкен қызығушылық танытты, бұл олардың танымал актерлердің шығармашылығына, актерлік шеберлік стиліне танымдық артықшылықтарының алуан түрлілігін көрсетеді. Мультфильмдер туралы викторина қатысушыларға жарқын кейіпкерлер мен қиялдар, анимациялар, жанрлардың әртүрлілігі әлеміне сүңгуге мүмкіндік берді, – дейді орталық әдіскері Назгүл Базарова.

Викторина оқушылар жануарлар әлемін үлкен қызығушылықпен зерттеп, табиғатқа деген сүйіспеншілігін, жануарлар әлемінің байлығын түсінуге деген ұмтылысын көрсетеді.

– Маған викторинаға қатысу қызықты болды. Театр мен кино актерлері туралы көп нәрсе үйрендім. Спортшылар және олардың жетістіктері туралы білімімді тексердім, – дейді С. Торайғыров атындағы мектептің 8-сынып оқушысы Владислав Елецкий.

Жарыс қорытындысы бойынша 32 команда  жүлделі орындарға ие болды.  Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» орталығының түрлі дәрежелі дипломдарымен марапатталды.