Железин ауданында жалғызбасты анаға көмек көрсетілді

«AMANAT» партиясының азаматтарды қабылдауы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Іс-шараға партия өкілдері Сағындық Жылқыбаев пен Қымбат Ильясова, сондай-ақ аудан әкімі Айтуған Шайхимов қатысты.
Қабылдау барысында тұрғындар бірқатар әлеуметтік маңызды мәселелерді көтерді. Барлық өтініштер бақылауға алынып, кейбірі сол жерде шешімін тапты.
– Мәселен, кәмелетке толмаған баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ана уақытша баспана және жұмысқа орналасу жөнінде өтініш білдірді. Нәтижесінде отбасы уақытша баспанамен қамтылып, өтініш иесі жұмыспен қамту шараларына тартылатын болды, – деді «AMANAT» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ аудан орталығының тұрғынына өңірдің заң консультанттары палатасының заңгері кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін лицензия алуға қажетті құжаттарды рәсімдеуде практикалық көмек көрсетті.