Павлодарлықтар тұрғын үй кезегіне қалай тұра алады?

Павлодарлықтар тұрғын үй кезегіне қалай тұра алады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол үшін тек электрондық цифрлық қолтаңба қажет, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің мәліметінше, кезекке өтінішті электронды түрде www.kezekte.kz сайты арқылы тапсыруға болады.

Мамандар тұрғын үй кезегіне өтініш беру бойынша толық нұсқаулықты түсіндіріп берді:

  • 1. «kezekte.kz» сайтына кіріп, тіркеуден өтіңіз;
  • 2. «SHANYRAQ» қызметін таңдаңыз;
  • 3. «Менің өтініштерім» қызметін таңдаңыз;
  • 4. «Кезекке қою үшін өтініш беру» бөлімін таңдаңыз;
  • 5. Кім үшін өтініш берілетінін таңдаңыз: «өзіңіз үшін» немесе «қамқорлықтағы адам үшін»;
  • 6. Өзіңіздің мәліметтеріңізді тексеріп, «Келесі» батырмасын басыңыз;
  • 7. «Кезек туралы мәліметтер» бөлімінде БСН: 041240003932 «Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» енгізіңіз;
  • 8. Өз категорияңызды және тиісті қосымша категорияны таңдаңыз;
  • 9. «Негіз» бөлімінде «Қазақстан Республикасы аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйдің жоқтығын» таңдаңыз;
  • 10. «Отбасы мүшелері туралы мәліметтер» бөлімінде бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерін (мысалы, жұбайыңызды) қосыңыз. Барлық мәліметтерді толтырып, «Қосу» батырмасын басыңыз, содан кейін «Келесі» батырмасын таңдаңыз;
  • 11. Өтініш берушінің отбасы мүшесі деп танылған басқа тұлғаларға қатысты сот шешімінің көшірмесі сияқты құжаттарды «Құжаттық растау мәліметтері» бөлімінде қосуға болады;
  • «Жұмыс орны туралы мәліметтер» бөлімінде деректерді толтырыңыз (тек келесі категорияларға: мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым қызметкерлері, әскери қызметшілер);
  • 12. «Қосымша кірістер туралы мәліметтер» бөлімінде қосымша кірістер болған жағдайда, мәліметтерді толтырып, «Қосу» батырмасын басыңыз, содан кейін «Келесі» батырмасын таңдаңыз;
  • 13. «Сақтау» батырмасын басыңыз, құжатты қолтаңбамен бекітіп, әкімдікке жіберіңіз;
  • 14. Өтінішті ЭЦҚ арқылы қол қойып жіберіңіз.

Өтінішті кезекке қою 15 жұмыс күні ішінде қаралады. Осыдан кейін сіздің ұялы телефоныңызға 1414 нөмірінен қарау нәтижесі туралы SMS-хабарлама келеді.

Кезекке тұру үшін тұрақты тіркеу қажет. Азаматтар соңғы бес жылда Қазақстан Республикасында жеке меншігіне тұрғын үйге ие болмауы тиіс.

Көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар және әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтардың (балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мүгедек балаларды қоспағанда) соңғы он екі айдағы орташа айлық табысы отбасы мүшесі әрбіріне 3,1 еселік тіршілік минимумынан (2024 жылы 134561,7 теңге) төмен болуы тиіс.

Қосымша сұрақтар бойынша кеңес алу үшін мына мекенжайға жүгінуге болады: Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25, 219-кабинет немесе телефон нөміріне: 32-74-48.