Екібастұзда жолда сынған көліктің жолаушыларына көмек көрсетілді
Тәртіп сақшылары мен құтқарушылар оларды жылы жерге жеткізіп, ыстық тамақпен қамтамасыз етті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Шідерті-Қарағанды тас жолында жеңіл автокөлік сынған. Аязда көліктің ішінде екі адам қалып қойған.
– Адамдар жол бойындағы «Сарухан» дәмханасына жеткізілді. Сол жерде оларға ыстық тамақ беріліп, жылыту пунктіне орналастырылды, – деді Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасында.
Авариялық-құтқару жұмыстарына 14-ӨС бөлімі, жергілікті атқарушы органдар мен жол қызметінің қызметкерлері жұмылдырылды.