Екібастұзда жолдан өтпекші болған тұрғын ауруханадан бір-ақ шықты
Жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 сәуірде сағат 21:00-де М. Жүсіп көшесі бойында «Toyota Estima» автокөлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қақты.
– ЖКО нәтижесінде әртүрлі жарақаттармен жаяу жүргінші Екібастұз қаласының ауруханасына жатқызылды. Тексеру жүргізілуде, қажетті сараптамалар тағайындалды,– деді департаментте.
Автокөлік айып тұрағына қойылды.