Екінші Павлодарда коммуналдық желілер цифрландырылуда
Мақсат – жылу желілерінің тозу деңгейін азайту, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
109 қызметінің мәліметінше, аймақ басшысы Асайын Байхановтың тапсырмасы бойынша цифрлық технологиялар басқармасымен облыс орталығының интерактивті картасы әзірленуде.
Бүгінгі таңда Екінші Павлодар аумағында коммуналдық желілерді цифрландыру жұмыстары жасалуда. Бұл жұмыстар бүкіл қала бойынша және барлық желілерде өткізіледі: жылу, су, электрэнергиясы, кәріз.