Павлодар облысында кейбір асфальт-бетон зауыттары жұмысқа дайын емес

Павлодар облысында кейбір асфальт-бетон зауыттары  жұмысқа дайын емес
Фото: Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы

Облыста барлығы 19 асфальт-бетон зауыты жұмыс істейді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Оның 8-і жол жөндеу жұмыстарын бастауға дайын емес.

Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының мамандары сапа стандарттары мен ережелеріне сәйкестігін тексеру мақсатында асфальт зауыттарының дайындығын тексерді. Нәтижесінде өңірдегі асфальт-бетон зауыттарының басым бөлігі талапқа сай келмейтіні анықталды. 

– Біз өндірістің барлық кезеңдерін – құжаттамадан бастап шикізатты іріктеу мен дайындауға дейін тексердік. Соның ішінде асфальт-бетон зауыттарының, зертханалардың бар-жоғына, салмақ өлшеуге арналған калибрлеудің болуына, құрамдас бөліктерді мөлшерлеудің дұрыстығына, экологиялық қауіпсіздік шаралары мен басқа да стандарттарға назар аударылды,  – деп түсіндірді зертхана меңгерушісі Виктория Бойко. 

Бұл тексерулер 14 негізгі тармақты қамтитын асфальт-бетон зауыттарынан асфальт-бетон қоспаларын өндіру және сапасын бақылау ережелері негізінде  жүргізіледі.

Бақылау тек өндірісті ғана емес, компоненттерді сақтауды және тасымалдауды қамтиды. Бұл соңғы өнімнің тұрақтылығы мен жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді.

Сапаны жүйелі және жыл сайынғы бақылау  орын алуы мүмкін ауытқуларды жедел анықтауға және оларды дереу жоюға мүмкіндік береді.