Павлодарда екі күнге бірнеше автобус қозғалысы бағытын өзгертті
Оған автожол учаскесіне жүргізілетін жөндеу жұмысы себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәлімдеуінше, 15-16 тамыз күндері Ткачёв көшесі 24-үйдің қапталындағы автожол учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған орай («№4 емхана» аялдама пункті) автокөлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу қойылатын болады. Сол себепті № 1Э, 003, 3, 31, 53, 55, 66А автобус маршруттарының қозғалыс сызбаларына уақытша өзгерістер енгізіледі.
№ 1Э автобус бағыты Ткачев көшесімен шығыстан батысқа қарай жүру кезінде қозғалысты Ткачев – Майра көшелерімен жүзеге асыратын болады және маршрут бойынша ("№4 емхана" және "Ertis "бассейні" аялдама пункттеріне кірмейді).
№ 003, 3, 31, 53, 55 және 66А автобус маршруттары оңтүстіктен солтүстікке қарай Майра көшесімен қозғалған кезде аталған учаскені: Майра – Ткачёв көшелерімен (кері бұрылумен) – «Ertis бассейні» аялдамасына кіру арқылы Майра көшесі бағыты бойынша айналып өтетін болады. Маршруттар қозғалысты «№4 емхана» аялдама пунктіне кірмей жүзеге асыратын болады. Кері бағытта да дәл осылай.
Мамандар жолаушылар мен автокөлік жүргізушілеріне алдын ала жол жүру бағытын жоспарлауды ескертеді.