Екібастұз өңірінде ауылдарға апаратын жолдар күрделі жөнделіп жатыр

Екібастұз өңірінде ауылдарға апаратын жолдар күрделі жөнделіп жатыр
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сонымен қатар, бірнеше ауылда ішкі жолдарға асфальт төсеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімі Instagram парақшасында мәлімдегендей, соңғы екі жылда Үкімет пен облыс әкімі Асайын Байхановтың қолдауының арқасында өңірде аудандық және облыстық маңыздағы, сондай-ақ ауылдарға апаратын жолдардың 100 шақырымнан астамы жөнделді.

– Атап айтқанда, 1-МАЭС – Басқамыс бағытындағы 60 шақырымнан астам жол, 2-МАЭС – Сарықамыс жолының 25 шақырымы, сондай-ақ Ақкөл, Зеленая Роща, Бозшакөл ауылдарына апаратын жолдар қайта қалпына келтірілді. Бұл – Екібастұз өңірі үшін бұрын-соңды болмаған жол жөндеу жұмыстарының көлемі, себебі бұл бағыттарда жолдар салынған кезден бері жөндеу көрмеген, – деп жазды Аян Бейсекин әлеуметтік желіде.

Биыл да ауылдық аймақтың жолдарын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Ұзақ жылдар бойы Құдайкөл ауылы тұрғындары көтеріп келген 12 шақырымдық кіреберіс жолын жөндеу мәселесі шешімін тапты.

– Жобаға облыстық бюджеттен 800 миллион теңгеден астам қаражат бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары белгіленген кесте бойынша жүргізілуде. Жөндеу аяқталған соң, орындалған жұмыстардың сапасы зертханалық бақылаудан өтеді. Сонымен қатар, өңірдің бірқатар ауылдарында ішкі жолдарға асфальт төсеу жұмыстары да қатар жүргізілуде. Бұл туралы кейінірек жеке тоқталатын боламын, – деп атап өтті қала әкімі.

Барлық жобалардың іске асырылуы облыс әкімі Асайын Байханов пен қала әкімі Аян Бейсекиннің жеке бақылауында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Аян Бейсекин (@abeysekin)