Экологтар Ақсуда заңсыз қалдықтарды тапты

Экологтар Ақсуда заңсыз қалдықтарды тапты
Фото: Павлодар облысы бойынша экология Департаменті

Олар тұрғындарды заңсыз қалдықтарды жоюға жол бермеуге және мұндай фактілер туралы хабарлауға шақырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы бойынша Экология департаменті мен Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы бірлесіп, рұқсатсыз қоқыс үйінділерін анықтау және олардың алдын алу мақсатында Ақсу қаласына рейдтік іс-шара ұйымдастырды.

Рейд барысында заңсыз қалдықтар төгілген орын анықталды.

Экологтар тұрғындарды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға, рұқсатсыз қоқыс төгуге жол бермеуге және мұндай фактілер тіркелген жағдайда уәкілетті органдарға хабарлауға шақырды.