Екібастұз ауылдық аймақтарында мектеп автобустары тексерілді

Екібастұз ауылдық аймақтарында мектеп автобустары тексерілді
Фото: Павлодар облыстық ПД

Тексеру барысында кемшіліктер анықталған жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сегіз мектеп автобусының техникалық жағдайы тексерілді.

– Жүргізушілерде автобустарды жүргізу үшін тиісті санатының болуы міндетті. Әрбір жүргізушімен қауіпсіз қозғалыс ережелері және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді. Тексеру барысында кемшіліктер анықталған жоқ, – деп хабарлайды әкімшілік полиция бастығының міндет атқарушы Айман Жәминова.

Мектеп автобустарының техникалық жай-күйі, қызмет көрсету көлемі мен мерзімдері, автобустардың жабдықтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

«Балаларды тасымалдау» сәйкестендіру белгісі мен сары түсті жыпылықтайтын маяктардың болуы міндетті. Маусым бойынша дөңгелектердің сай болуы, өрт сөндіру құралдары мен алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарының, яғни салонда өрт сөндіргіш пен дәрі қобдишасының, сондай-ақ әрбір бала үшін қауіпсіздік белдіктерінің болуына ерекше назар аударылады.