«Қайырымды күз»: Екібастұзда мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді
Мемлекеттік мекеме ұсынған 180 отбасыға тарату жұмысы үйлестірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жастар бастамаларын дамыту орталығы, Екібастұз қаласының білім беру бөлімі, Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі, Екібастұз қаласындағы «Жастар рухы» ЖҚ ұйымдастырумен, сондай-ақ «Көктөбе-агро» ЖШС, Екібастұз қалалық мәслихат депутаты Лейла Қасыманованың қолдауымен «Қайырымды күз» атты қайырымдылық науқаны ұйымдастырылды.
Науқан барысында ерікті жастар арнайы картоп өнімдерін жинап, бір орынға жиыстырды. Әрі қарай білім беру бөлімі 80 отбасыға, Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі 30 отбасыға, «Respect» мото-клубы 30 отбасыға, Жастар бастамаларын дамыту орталығы 40 отбасыға тарату жұмыстарын жүргізді.