Павлодарда жол ережелерін бұзған той кортежі жазаланды (ВИДЕО)
Тәртіп сақшылары бұл бұзақылықты әлеуметтік желіден байқаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желілерді бақылау кезінде пабликтерінің бірінде жол жүру ережелерін бұзған екі той кортежінің иелері анықталған.
– Осы видео бойынша Павлодар қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тексеру жүргізді. Құқық бұзушы жүргізушілердің жеке басы анықталды. «Lexus» маркалы автокөліктің 27 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 593-бабы, 1-бөлім, 593 2-бөлім, 595-бап, 1-бөлім, 606, 230 2-бөлім бойынша бірнеше әкімшілік іс қозғалды. Жалпы сомасы 120 750 теңгеге 35 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.
Тәртіп сақшылары «Toyota Camry» маркалы автокөліктің 21 жастағы жүргізушінің жеке басын анықтағанын, ол бойынша ұстауға іс-шаралар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Орналасқан жері анықталғаннан кейін ол да қолданыстағы заңнама шеңберінде жауапқа тартылады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram