Ертіс өзенінде төрт адам мінген қайық аударылды

Ертіс өзенінде төрт адам мінген қайық аударылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бір жігіт суға батып кете жаздады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 тамызда түнгі уақытта Ертіс өзенінде төрт жолаушысы бар қайық аударылды.

– Бұл кезде жағалауда жүрген адамдар қайықтың аударылғанын байқап, «112» нөміріне қоңырау шалды. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетті. Судан батып жатқан 2002 жылы туған жас жігіт құтқарылды, апаттар медицина орталығының қызметкерлері оны қарап шықты. Жігітке медициналық көмек қажет болмады, – деді департаментте.

Қалған үшеуі жағаға өз бетімен шықты. Құтқарушылардың жедел әрекет етуінің арқасында қайғылы жағдайды алдыну алуға мүмкін болды