Екібастұзда ер адам көпқабатты үйдің төбесінен секірмек болды

Тәртіп сақшылары шатырға көтеріліп, азаматты қауіпсіз жерге шығарды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 30 мамыр күні сағат 19:30 шамасында болды.
– Екібастұз қаласы полиция бөлімі патрульдік полиция ротасының қызметкерлері патрульдеу барысында М.Әуезов көшесіндегі тоғыз қабатты үйдің төбесінде ер адамды байқады. Олар дереу шатырға көтеріліп, ер адамды құтқаруға асықты. Тәртіп сақшылары оны ұстап, қауіпсіз жерге шығарды, – деді ведомствода.
Полицияның хабарлауынша, қазір 36 жастағы азаматтың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.