Павлодарда жиһаз цехы өртке оранды

Өрт 32 минут ішінде сөндірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 желтоқсанда сағат 17:52-де жиһаз цехының қазандығы жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 25 шаршы метр алаңдағы қазандықтың ағаш құрылымдарын сөндіруге кірісті.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрттің басқа объектілерге таралуына жол берілмеді. Сағат 18:24-те өрт толықтай сөндірілді.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
ТЖД күштері мен құралдарынан 21 қызметкер және 5 техника жұмылдырылды.